Израиль энергетикадағы сұранысты «жасыл энергия» есебінен қанағаттандырмақ

Израиль жері кенге бай болмаса да, ақылға жүгінген ел.

Себебі жел, су, күнді де, қажет десеңіз, тұрмыстық қалдықтарды да қуат көзі ретінде тұтынады. EXPO кешенінде павильонын ашқан Израиль жалпы энергетикадағы сұраныстың 10 пайызын «жасыл энергия» есебінен қанағаттандыруды жоспарлап отыр. Елде 200-ден астам жоғары технологиялық компания бар. «Жасыл энергияның» дамытатын да солар. Ал Израиль парламенті баламалы қуат көзін тұтанады. Сол себепті әлемде «жасыл парламент» саналады.

Элазар Коэн, Израиль павильонының комиссары:

– Астана ЕХРО-сы біздің мемлекет үшін аса маңызды тақырып таңдады. Біз ғана емес, бүкіл әлем баламалы қуат көздерін дамытуға мүдделі. Ашылу салтанаты, жалпы ұйымдастырылуы қандайда бір мадаққа лайық дер едім. Дүние жүзін өзекті мәселені талқылауға жұмылдырғаны да керемет. Біздер бұл саланы біршама игердік. Біздің павильонға келгендер жеткен жетістігіміз бен алдағы жоспарларымыздан толық мағлұмат алады.