«QazaqGeography» қоғамдық бірлестігінің ақпараттық туры | Дархан дала

Туризм-бұл ең алдымен экономикалық құбылыс, яғни халыққа пайда әкелу керек. Бұл мәселе әсіресе ұлттық саябақтарға, табиғи көрікті жерлерге және тарихи нысандарға жақын орналасқан ауылдық жерлердің тұрғындары үшін өзекті. Бұл жерлердегі адам капиталын туристерді қабылдауға жағдай жасау үшін пайдалану қажет. Шарын және Алтын Емел ұлттық саябақтарының жанындағы елді мекендердің тұрғындарын қонақжайлылық саласына тарту - "QazaqGeography"республикалық қоғамдық бірлестігі алдына қойған міндеттердің бірі. Ақпараттық тур аясында "Дархан дала" жобасының түсірілім тобы атқарылған жұмыстардың аралық қорытындыларымен танысты.

 

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.