Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Шетелдік журналист Шарын шатқалын Аризонамен салыстырды

- Сауд Арабиясы резидент еместерге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Егер бұл жоспар жүзеге асса, акциялары биржаларда сұранысқа ие компанияларда шетелдіктер стратегиялық инвесторлар атана алады, деп хабарлайды The National басылымы.

- EuroNews арнасы Қазақстанның көрікті жерлерін айшықтайтын хабарлар топтамасын ұсынады. Журналист Симус Кирни Алматы қаласының оңтүстігінен 200 шақырым жердегі Шарын шатқалынан үлкен әсер алса керек. Журналист бұл өлкені Аризонамен салыстырған.

- Адамдардың өрмекшіден қорқуы қалыпты құбылыс екен. Science Alert басылымының жазуынша, бұл қорқыныш адамдарда туа пайда болатын көрінеді.

- Технологиялық алпауыт жасанды интеллект құрастырушыларға қомақты қаржы шығындап отыр.