Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Француздар тамақтан тарығуы мүмкін

- Француздар жуық арада ең басты тағамынан тарығуы мүмкін. BBC-дің жазуынша сары май жағылған круассан енді көптің түсіне кіретін тәрізді. Қазірдің өзінде Францияда сары май тапшылығы байқалып отырған көрінеді. 

- Стэнфорд университетінің ғалымдары қазір смартфондар мен планшеттерге арналған литийлі батареялардың не себепті жарылатынын анықтады, деп жазады Engadget. 

- Швецияның жүйке ауруларының алдын алуымен қалай күресіп жатқандығы туралы Svenska Dagbladet жазған. Депрессияның белгілері адамдарда шаршау, күйзелу, өзін өзі өлтіру секілді сезімдермен сипатталады. Бірақ осындай жағдайдан арылу үшін дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінгендердің қатары артып келеді, деп жазады тілші Изабелла Столь.