Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Құлтемірлердің кесірінен қандай кәсіп түрі қажетсіз болып қалады?

Lenta.ru құлтемірлердің кесірінен қандай кәсіп түрлерінің жоғалып кететініне тоқталған. Алдағы 10-15 жылда робот техникасы мен жасанды интеллект технологиясының дамитыны соншалық, құлтемірлер көптеген кәсіп иелерінің орнын басады, деп жазады басылым. Роботтарды жалдау қымбатқа түскенімен, олар өзін-өзі тез ақтайтын көрінеді. Себебі медициналық сақтандыру қажет емес, сондай-ақ жансыз жұмысшылар тәулік бойы тынбастан жұмыс жасай алады.