Мәдениет жаңалықтары. «Еуразияның жеті пердесі» жобасы аясында суретші Алексей Кривцовтың авторлық көрмесі ашылды
«Еуразияның жеті пердесі» жобасы аясында Ресей суретшісі Алексей Кривцовтың авторлық көрмесі ашылды. Суретшінің объективінде Астана Балет театрының артистері жаңаша қырынан паш етілген. Балет спектакльдерінен тыс жасалған жұмыс оңайлықпен берілмеген, десе де нәтижесі ойлағаннан да жоғары деңгейде шықты дейді ұйымдастырушылар.