Мәдениет жаңалықтары. «Астана Опера» театрында «Obra maestra Astor Piazzolla» концерті өтті
«Астана Опера» театрында «Obra maestra Astor Piazzolla» концерті өтті. Кеште «Ritmos de amor» аспаптық ансамблінің музыканттары Аргентина еліне тән рухты сезіндіріп, қайталанбас кеш сыйлады. Кеш бағдарламасы ауқымды етіп құрылған. Мәселен, «Астана Операның» сахнасында алғаш рет «мумуки», «соледад» және «триунфал» туындылары орындалды. Бұл шығармаларды Елена Сахно Францияға жасаған кезекті гастрольдік сапарынан әкелген. Пианистің айтуынша Пьяцолланың фортепианоға арналған партияларында өзіндік ерекшеліктері бар.