Заң жобасы. Құқық қорғау органдарына енгізіліп жатқан цифрландырудың қарқыны

Қазақстанда құқық қорғау органдарына енгізіліп жатқан цифрландырудың қарқыны жоғары. Бас прокуратураның мәлімететріне сай, мекемеде электрондық түрде сот ісін жүргізу жұмыстары аяқталуға жақын қалды және заң бұзушылықтар картасы профилактикалық шараларды іске асырып, қауіпті аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Алайда толық компьютерлендіру мен техникалық қамтамасыз ету барлық процесті тежеп отыр. Бас прокуратура өкілдері сенат депутаттарына «Ұлт жоспарының» 32 қадамының орындалу барысы  туралы айтып берді. Сонымен қатар, жер қатынастарын реттеу туралы заң жобасына өзгертулерды мақұлдады. Өзгерістер елбасының қарауына жіберілді.

Сондай-ақ...