Мәдениетке саяхат | Сотталғандарға арналған өнер сабағы

Елордада 8-ші түзету мекемесінде жазасын өтеушілер сурет өнері бойынша онлайн шеберлік сабағына қатысты. Шара Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті мен өнер галереясының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Сабақты елімізге белгілі суретші Бейбіт Әсемқұл өткізді.