Қаражат қамы І Өз бизнесіңді қалай ашуға болады?

Өз бизнесімді қалай ашамын? Неден бастаймын? Осы сұрақтар талай адамды мазалайтыны анық. Айталық сіздің ойыңызға керемет бизнес идея келді. Бірақ асықпаңыз. Сарапшылар алдымен өз салаңды және мақсатты аудиторияңды анықтап алуға кеңес береді. Себебі, ешқандай бизнес, әсіресе шағын бизнес барлық саланы бірден қамти алмайды. Яғни, барлық тұтынушылардың қажетін өтей алмайсыз. Сондықтан өз аудиторияңызды неғұрлым жақсы анықтай білсеңіз, соғұрлым ісіңіз табысты болады. Бүгінгі бағдарламамызда өзіңе лайықты сала таңдау жайында баяндаймыз.