Ақылды қала | Ғылым

Қазір әлемнің ірі шаһарларында инновациялық технология қарқынды енгізіліп жатыр. Көлік кептелісінің бағытына қарай жолды ашатын ақылды бағдаршамдар, онлайн төлем жүйесі немесе адамның бет-әлпетін танитын заманауи камералар енді жаңалық емес. Қазір дамыған мегаполистер жүргізушіні қажет етпейтін тіпті, ұшатын көліктердің қозғалысына жағдай жасауға тырысып жатыр. «Ғылымның» бүгінгі шығарылымы ел ішінде смарт-сити аталып кеткен ақылды қалаларға арналады.