Қазақша сөйлейтін гаджет | Ғылым
Қазір – ақпараттық технологияның заманы. Ақылды техника барлық салада кездеседі. Кейбірінде тіпті, маманның орнын басты. Енді адамның бұйрығын адам ғана орындамайды. Ол үшін ғалымдар мен өнертапқыштар түрлі жүйе мен жасанды интеллект ойлап тапты. Сондай адам өмірін жеңілдететін инновациялық құралдың бірі – дауыс көмекшілері. «Ғылымның» бүгінгі шығарылымында оларға кеңірек тоқталамыз.