Еуропада украиналық босқындардың қатары көбеюде | Шетелдік БАҚ
- Украина дағдарысының шиеленісуі мұнай мен газ бағасының қымбаттауына әсер етті. Бірақ баға қазіргі межемен шектелмейді, дейді Оксфорд энергетикалық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Ади Имсирович. Сарапшының бұл пікірін The Conversation басылымы жариялады.
- Миллиондаған доллар Украинаға криптоәмияндар арқылы түсіп жатыр. Ел үкіметі краудфандинг аясында криптовалюта жинауға кіріскен, деп жазады Economic Times газеті.
- Еуропада украинлық босқындардың қатары көбейіп барады. Қазірдің өзінде 200 мыңнан астам тұрғын Украинадан кетіп қалған, деп хабарлайды Euronews.
- Ұлыбритания да Украина азаматтарына оң қабақ танытып отыр. Визалық шектеулерге қандай жеңілдіктер жасалғаны туралы Guardian газетінен оқи аласыздар.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.