Украина шекарасындағы аласапыранда балалар із-түзсіз жоғалып жатыр | Баспасөз

- Украинадағы жағдайдың әлемде 5G желілерін таратуға қаншалықты әсер етері Барселонада өткізілген Дүниежүзілік мобильді конгресте талқыға түсті. Бұл туралы толығырақ Euronews тілшісінің мақаласынан оқи аласыздар.

- Украина шекарасындағы аласапыранда балалар із-түзсіз жоғалып жатыр. Сонымен қатар адамды қанап, құлдыққа сату фактілері де тіркеліпті. Көрші мемлекеттерде босқындарды қабылдаумен айналысатын қайырымдылық және құқық қорғау ұйымдары осылай деп дабыл қағып отыр, деп жазды Guardian.

- Ластанған ауа адам денсаулығына қалай әсер етеді? Бұл туралы ДДҰ Еуропалық қоршаған орта мен денсаулықтты қорғау орталығының басшысының пікірін DAnas басылымынан оқи аласыздар.

- Ғалымдар көмірқышқыл газының шығарылуын бәсеңдетудің амалын тапты. Кембридж университетінің зерттеушілері жасаған әлемдегі экологиялық ахуалды жақсартудың картасында экономикалық және экологиялық тұрғыдан ауыл шаруашылығына ең тиімді негізгі аймақтар бедерленген, деп жазады Nature журналы.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.