Еуропалық Одақ Ресей газынан мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр | Баспасөз
- Еуропадағы көгілдір отын енді Испания арқылы тасымалдануы мүмкін. Еуропалық Одақ 2030 жылға қарай Ресей газынан мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды EurActiv тілшісі.
- Ресейден жеткізілетін түйіршіктелген ағаш тасымалының тоқтатылуы салдарынан Ұлыбританияда жылу ақысы күрт қымбаттады. Telegraph тілшісінің жазуынша, отынның осы түрін тұтынатындар үшін бұл жағдай ауыр тиіп отыр.
- COVID-19 індеті құрбандарының нақты саны ресми деректерден үш есе көп болуы мүмкін. Бұл сұмдық статистика Lancet журналында жарық көріпті. Елді дүрліктірген деректің бірқатарын Financial Times-та жариялады.
- Психологтар стресс туралы кеңінен таралған түсінікті теріске шығарды. Нью-Йорк университетіндегі Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен Ратгерс университетінің қызметкерлерінің стресстің жағымды жағы бар деген пікірде. Бұл тосын пікір туралы Business Insider басылымынан оқи аласыздар.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.