Ресей бірқатар мемлекетке қант пен дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды | Баспасөз

- Электр көліктері өнеркәсібінің болашағы металдың бірнеше түріне тікелей тәуелді. Бұл туралы толығырақ National Public Radio тілшісі баяндайды.

- Ресей бірқатар мемлекетке қант пен дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне құрақ қантын, ал үшінші елдерге астықты экспорттау тоқтатылады, деп хабарлайды Lenta.ru.

- Еуропалық Одақ ресейлік мұнай компанияларына қарсы санкцияларды күшейткенімен, Ресейден мұнай сатып алуын тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

- Джо Байден студенттік несие төлемдерінен бас тарта ма? Пандемия кезінде АҚШ азаматтарына студенттік несиелерін төлемеуге рұқсат берілген еді. Дегенмен бұл іс 1 мамырдан бастап қайта жалғасуы тиіс. Бұл туралы толығырақ Forbes тілшісі жазды.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.