Ford Түркияда аккумулятор зауытын салмақ | Баспасөз

- Еуропалық құрылысшыларға енді роботтар көмектеседі. Euronews-тің жазуынша, зерттеушілер алып платформаның прототипін жасап, Испанияның орталығында сынап жатыр.

- Португалия құрғақшылыққа дайындалып жатыр. Бүгінде бұл елде су қоры түгел таусылып, топырақ кеуіп қалды. Қазір ел аумағының 95% қуаңшылықтан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Portugal News.

- Ford Түркияда аккумулятор зауытын салмақ. Бұл кәсіпорын электромобильдерге арналған аккумуляторларды шығаратын Еуропадағы ірі компания болады. Ауқымды жоба 2025 жылға таман жүзеге асырылады, деп хабарлайды Bloomberg. 

- АҚШ жүргізушісіз көліктерге рұқсат берді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.