Үкімет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды
Әрі оны маусым айында Парламентке енгізу қажеттігін айтты.
Бүгін Үкіметте ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру мәселелері қаралды. Отандық ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру соңғы 2 жылда екі есеге жуық өскен. Жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу базалық қаржыландыруға қосылған. Әзірленіп жатқан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру 5 жылға дейін ұзарды. Премьер-Министр ең ұтымды ғылыми бағыттардағы жұмыстардың үлесін арттыру қажеттігін айтты. Яғни, атом және сутегі энергетикасы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология сияқты салаларға көңіл бөлу қажет.