Былтыр қонақ үйлер 67,8 млрд теңге табыс тапқан
Биыл алғашқы 6 ай ішінде қазақстандық қонақ үйлер туристерге 98,7 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 45 пайызға жоғары. Мұндай деректерді спорт және туризм министрлігі келтіріп отыр. Ведомствоның мәліметінше былтыр қаңтар мен маусым айларын аралығында қонақ үйлер 67,8 млрд теңге табыс тапқан.