Баку порты арқылы жөнелтілетін қазақстандық мұнай экспорты 54% артты

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл 8 ай ішінде бұл бағыт бойынша 2,1 млн тоннадан астам қара алтын тасымалданған. Жалпы Қазақстан Каспий құбыр консорциумының тиімділігіне қарамастан, мұнай экспортының өзге, балама жолдарын арттыруды жалғастырып келеді.