Білімді ұрпақ - ел болашағы
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі халықтың білім деңгейіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік банктің мәліметінше экономика өсімінің 16 проценті физикалық капиталға, 20 проценті табиғи капиталға, қалған 64 проценті адами және әлеуметтік капиталға байланысты. Сондықтан еліміздің әр баласы сапалы және жоғары білім иесі болу мақсатында, Мемлекет басшысы «Келешек» бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздеуге ұсынылған.