Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаятын болады
2030 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаятын болады. Мұндай көрсеткіштер еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасында қарастырылған. Транзит көлемін арттыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша жүретін Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі «тар» жерлер кеңейтілетін болады. Бұндай жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі жол картасында қарастырылған. Ол 2027 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс.