Маңғыстау әкімі ТҮРКСОЙ бас хатшысымен кездесті
Ақтау қаласы 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алады.
Келер жылы Каспий жағалауындағы шаһарда Түрксой ұйымына мүше бауырлас мемлекеттердің қатысуымен ауқымды іс-шаралар өтеді. Осыған орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықаралық ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесіп, алда атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
2025 жылы Ақтауда халықаралық өнер фестивалдері, классикалық музыка мен халық шығармашылығы концерттері, фотосурет және картиналар көрмесі өтеді. Түрксойға мүше мемлекеттерден театр, би ұжымдары келеді. Шеберлік сабақтары, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Мақсат - түркітілдес елдердің мәдени мұрасының байлығын әлемге таныту. Өз кезегінде, Маңғыстауда туризм, кәсіпкерліктің дамуына серпін береді деп күтіледі.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
- Ақтау қаласының түркі әлемінің астанасы болып таңдалып алынуы бұл, біз үшін үлкен мәртебе. Біз өзіміздің қазақ халқының дәстүрін, өңірдің мүмкіндіктерін таныстыра отырып, ресми азаматтармен болатын отырыстардың барлығы біз үшін маңызды. Келген қонақтың барлығы күтетіндей, біздің барлық мүмкіншілігіміз бар.
Бұған дейін Қазақстанда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі Астана мен Түркістанға берілген болатын. Кездесуде халықаралық ұйымның бас хатшысы Маңғыстаудың киелі орындарына ерекше тоқталып, келер жылы Ақтауда ауқымды шаралардың жоғары деңгейде өтеріне сенім білдірді.
Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:
- Мәдениеттің барлық сигменттері бойынша іс-шараларымыз белгіленген. Ең бастысы, біз батыс Қазақстанды, Маңғыстауды, Ақтаудың мәдениетін көрсетуіміз керек. Танытуымыз керек дүниежүзіне. Біз ойлаймыз, Ақтаудың мәдени де, моральдық тұрғыдан құқығы бар сол түрік дүниесінің мәдени астанасы болуға. Оған барлық потенциалы бар.
Ұлықбек Тінәлиев, Ақтау қаласының әкімі:
- Маңғыстауда өткізілетін шаралардың барлығы бұл әрине, өзіміздің туристік және мәдени потенциалымызды көрсетуге толықтай мүмкіндік береді. Әулиелі-әнбиелі жерлер Бозжыра, Шерқала, Жығылған сияқты жерлер бұл, әрине қонақтарымызға үлкен мүмкіндік береді, Маңғыстау өңірімен толық танысуға.
Айта кетсек, «ЮНЕСКО түркі әлемі» деп аталатын Түрксой ұйымына қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан және Түркия елдері мүше.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев