Ғылым мен білімді қолдау ісі қарқын алды

Елде 2025 жылы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Қазір Ұлыбритания, Германия, АҚШ секілді ғылымы дамыған елдермен келісім жасалып жатыр.

Қазірдің өзінде 23 стратегиялық серіктестікке қол қойылды. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде отандық ғылымды дамыту, қолдау ісі қарқын алады. Білім беру бағытында да ақжолтай жаңалықтар жетерлік.

Елде 25 473 ғалым бар. Оның 46 %-і жастар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 мың адамға көп. Ілім иелерінің көбеюіне ғылымды қолдау ісінің қарқын алуы себеп. Мәселен биыл секторды қаржыландыру 3,5 есеге ұлғайған. Ізденушілердің әлеуметтік әлеуетін арттыру үшін қаржылай қолдау да қарастырылған.

Жайық Тохтаров, ҚР ҒБЖМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары:  

- Гранттық қаржыландыру аясында 25 жылға 24 млрд теңге қаржы көлемі қарастырылған. Бұл Үкімет жанындағы  ғылыми техникалық комиссияның шешімімен бекітілген. Бағдарламалық нысаналық қаржыландыру аясында 25 жылға 30 206 млн  теңге қаражат қарастырылған. Жоғарыда айтқан жас ғалым конкурсы бойынша жас ғалымдарымызды ғылымға тарту мәселесі бойынша 3 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Сондай-ақ төрт жылдың төңірегінде студенттердің стипендиясы да бірнеше есе өсті. Бас-аяғы келер жылдың соңына дейін жоғары оқу орындағы шәкіртақы 2 есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге ұлғаяды. Бұған қоса, жалпыға бірдей жайлы жағдай жасау билік назарында. Жауаптылар инклюзивті білім беру ісін ілгерлетуге ниетті. Қазір Қазақстанда 203 мыңнан астам қолдауды қажет ететін бала бар. Оның 137 мыңы мектеп жасындағы жасөспірім.

Жұлдыз Мұқашева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беру департаментінін бас сарапшысы:

 - Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 2 500 педагог-ассистент балаларга арнайы колдау көсетуде. Білім беру орындарында мыңнан астам колдау кабинеттері ашылды. Онда 6 500 астам арнайы педагог түзету көмегін көрсетуде. Олар әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру багдарламаларын бейімдеуде.

Саладағы инфрақұрылымды ілгерлетіп, тозған оқу орындарын жаңғырту жұмыстары да жүйелі ұйымдастырылды. Мәселен, биыл жайлы мектеп жобасы аясында 37 білім ордасы бой көтерді. Оның 16-ы ауылдық аймақтарды салынды.

Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:  

- 2025 жылдың соңына дейін жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңыздылығы білім беру сапасын арттыру және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою. Жобада білім беру ортасының функционалдығы және қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған.

Елде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 1 млн-ға жуық бүлдіршін білім алады. Ал 160 мың бала мектепалды даярлық курстарынан өтті. Дегенмен саладағы сұраныс тым жоғары. Қажеттілікті өтеу үшін жыл бедерінде 62 мың орындық 547 балабақша ашылды. Балалардың тәрбиелеп, біліктілігін арттыратын маман даярлау ісі де жыл санап жүйеленіп келеді.

Бағым Көптілеуова, ҚР ОАМ Мектепке дейінгі білім беру департаментінің басқарма басшысы:

- Мектепке дейінгі тербиемен окыту мамандыты бойынша педагогтерді даярлау казіргі танда 119 колледжде жүзеге асырылады. Оның ішінде 37 мемлекеттік ТКББ ұйымдары бар. Сонымен катар жыл сайын педагогтерді дайындайтын 39 ЖОО мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагогтер дайындалып шығады.

 

Сондай-ақ білім беруді цифрландыру да күн тәртібінде. Мәселен биыл «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бағдарлама арқылы ата-аналар балалары жайлы кеңес ала алады.