Әлемдегі ахуал «Омикрон» пайда болғалы қалай өзгерді? НАТО әскери әрекет жасаудан бас тарта ма? Қазандағы қанды қырғын
Әлемде жаңа штамды жұқтыру деректері күн сайын екі еселенуде. Сарапшылар Еуропада жаңажылдық мерекелерден кейін эпидахуал нашарлап кете ме деп қауіптеніп отыр. НАТО Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде әскери әрекет жасаудан бас тартуы керек. Ресейдің бұл шартымен келісе қояр ме екен? Қазандағы қанды қырғынға кінәлі өз кінәсін мойындады. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Солтүстік Кореяда 11 күндік аза тұту жарияланды. Күлуге, туған күн тойлауға, тіпті қайтыс болған адамды жерлеуге де тыйым салынды.