Моңғолиядан маза қашты. Оған елдің басты табыс көзі – көмірдің ұрлануы себеп

Моңғолияны ереуілдер жайлады. Өйткені жері бай болса да, елдің экономикасы өркендемей тұр. Transparency International есебі бойынша Моңғолия жемқорлық деңгейі бойынша, әлемдегі 180 елдің арасында 111 орынға ие. Осы аптада ереуілдер әлемнің өзге елдерінде де басылмады. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кейінгі 1 ай ішінде екінші рет жүздесті. Бұл жолы бестік Бішкекте бас қосты. Жоғарғы экономикалық кеңес қорытындысы бойынша 15 құжатқа қол қойылды. Ал төрағалық Ресейге өтті. Владимир Путин Еуроодақтың мұнай бағасын шектеу бастамасын ақылға қонымсыз шешім деп атады. Бұл Украинадағы қарулы қақығысқа қатысты қабылданған санкция аясында іске асырылған шара. Украинаның өзінде қазір энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Өйткені зымыранмен атқылау салдарынан халық жарықсыз отыр. Қарулы қақтығыс аздай, қазір аяздан электр тарату желілері зақымданған.