Жазалаушы және жазаланушы Иран | Әлем
Осы аптада Иранда ереуілге қатысқан екінші адам дарға асылды. Еуродаққа мүше 27 елдің басшысы 2022-ші жылдың соңғы саммитін өткізді. Алқалы жиын қорытындысы бойынша тараптар біраз мәселені шешкен. Мәселен, Хорватияның Шенген аймағына кіруі мақұлданды. Украинаға келер жылы қаржылай көмек көрсету жағы да пысықталды. Бірақ шарада шешімін таппаған мәселе де бар. Бұл энергетикалық дағдарыс. Осы Еуроодақта ірі жемқорлық жанжалы шықты. Еуродепутат Катарға көмектескені үшін пара алды деп айыпталып отыр. Осы аптада аяқталатын дүбірлі додада 3 журналист қайтыс болды. Ал әлемде коронавирусқа қатысты кісі өлімі артты. Эпидахуал өршіп тұрған Қытайда дәрі жетіспей жатыр. Жаңа Зеландияда жастардың темекі сатып алуына тыйым салатын заң қабылдады. Оны бұзғандар 95 мың доллар айыппұл төлейді.