Талибанның тәртібі қатаңдап барады | ӘЛЕМ

Осы аптада қазақ пен өзбек басшылары  қыркүйектен бері бесінші рет жүздесті. Басқосу Ташкентте өткен. Алқалы жиын қорытындысы бойынша ағайынды елдер арасындағы шекара толық шегенделді. Қазақстан мен Өзбекстан одақтас мемлекет атанды. Еуроодақ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі де сәтті аяқталды. Олар бұрыннан бері түйіні тарқамай келе жатқан мәселе - газдың шекті бағасын бекітті. Ал Украина халқы әлі жарық пен жылудан тарығып отыр. Бірақ соған қарамастан Киев билігі балалардың көңілін көтеру үшін Жаңа жылдың басты нышаны - шыршаның шамын жақты. Батыс елдері биыл Рождествоны өз мәнінде атап өте алмайтын сияқты. Оған қымбатшылық, ауа райының қолайсыздығы мен эпидахуалдың нашарлауы себеп. Ауғанстанда енді қыз-келіншектер университетте оқи алмайды.