Қазақстандағы бау-бақша өнімі | Made in kz

Цитрустық жемістерден өзге Қазақстанда кез келген бау-бақша өнімін өсіріп шығаруға болады. Жер жетеді, ауа райы қолайлы, ал ең бастысы сұраныс бар. Әсіресе өткен пандемия жылы қазақстандықтар ас мәзіріндегі жеміс-жидектің мөлшерін көбейткен. Мысалы, осы уақытта қазақстандықтардың алмаға деген сұранысы 3 есеге артқан. Үшінші мегаполис Шымкентте бауды баптап, өзімізге жетерлік өнім алып отырған кәсіпкерлер көп-ақ. Өнім өсірудің қызығы мен шыжығы жетерлік. Жалпы бауды баптау ісінде бізде тәжірибе аз, сондықтан мына интенсивті, яғни қарқынды бақша ісін қолға алмас бұрын кәсіпкерлер өзбек және түрік ағайынның кеңесі мен көмегіне жүгінген.