Тотығуға қарсы бояу өндірісі
Құрылыс қаңқасы саналатын металл мен бетонды тотығудан және өрт шықса қызыл жалыннан қорғайды. Бұл Астанада өндірілетін бояғыш материалдың басты қасиеті. Зауыттың Қазақстанда ашылғанына бір жыл болса да, оның өнімдері еліміздегі талай нысанның құрылысында қолданылған. Бүгін біз мұнай-газ, тау-кен, энергетика, химия, құрылыс саласына қажетті бояу мен сырдың қалай жасалатынын көрсетеміз.