Ауылшаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек
Жаһанда азық-түлік тапшылығы артып келе жатқанын ескерсек, Қазақстанға агросектордың өнімділігін үш есе арттыруға мүмкіндік бар. Сондықтан Президент былтырғы Жолдауында үш жыл ішінде агроөнеркәсіп саласындағы өңделген өнімнің үлесін 70 процентке жеткізуді тапсырды. Ал биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салаға бөлінетін қаржыны екі есеге көбейту қажеттілігін айтты. Бастысы - ауылшаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек. Президенттің бұл тапсырмасы өңірлерде қалай іске асып жатыр? Бұл үшін түсірілім тобымыз Ақмола облысына жол тартты.