Парламенттік басқару жүйесіне өтсек не өзгереді? Талғат Қалиев
- Президент берген сұхбаттан менің түртіп алғаным, уақыт белдеуі жайы, Талғардағы оқиға, тіпті Дональд Трамптың телефон арқылы Украинадағы әскери іс-қимылды тоқтатуға қатысты Президентіміздің пікірін сұрауы. Ал сіз қандай айшықты оқиғаларды түртіп алдыңыз?
- Желтоқсанның басында Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Соңғы айларда сарапшылар оның Ақ үйге екінші рет келуі Американың саясатына және әлемдегі ахуалға қалай әсер ететініне қатысты түрлі пікір айтып жүр. Осы орайда қазақ-америка қатынасы таяу жылдарда қалай өрбиді деп ойлайсыз?
- Президентіміз Қазақстанды парламенттік басқару жүйесіне көшіру үшін іргелі реформа дайындалып жатыр деген ақпарат туралы да пікір білдірді. Бұл жүйе Еуропадағы, тіпті Азиядағы бірқатар елде әбден орнығып, тамырын тереңге жайған. Бірақ биліктің әмбебап формуласы жоқ. «Менің аппаратым әлемдік тәжірибені мұқият зерделеп жатыр», - деді. Бұл туралы не айтасыз? Парламенттік басқару жүйесіне өтсек не өзгереді? Бұл бізге тән басқару жүйесі ме?
- Президентіміз Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне жол ашады деді. Бұдан бөлек, шетелдіктердің ана тілімізді меңгеруге қызығушылығы артқанын айтты. Мемлекеттік тілдің көсегесін көгерту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
- Мемлекет басшысы сарапшылар мен дипломаттар Қазақстанды орта держава деп атай бастағанын айтты. Еліміздің әлемдік саясаттағы рөлін қалай бағалайсыз?
Спикер: Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры.