Тегін дәрі-дәрмек нарығын жемқорлық жайлап барады

«Емхана, ауруханада дәрі-дәрмек жоқ, тегін препарат тапшы» дегенді естіген боларсыз. Ақысыз алып ішіп жүрген дәрі аяқ асты  жетпей қалып, пациент өз қаржысына сатып алады. Емханаға барсаңыз, дәрігерлер: «сізге қажет препарат кешігіп жатыр, әне-міне келіп қалады», деп арқаңыздан қағып, шығарып салады. Осындай тапшылықтың түбінде сыбайлас жемқорлық жатыр. Бұл ­­– дәрі-дәрмек нарығындағы үлкен ойыншылардың үлкен ойыны. Бүгін тегін дәрі-дәрмектің тамырына ұя салған жүйелі жемқорлық жайлы айтамыз.