Жезқазған қаласын таза қала қатарына жатқыза аламыз ба?
Ұлытау облысында онкология және жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққандар саны жыл санап артуда. Көңілсіз статистика – ірі өнеркәсіптік алыптардан шығатын қалдықтар мен газдың әсері екені анық. Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері де мәз емес. Бүгін еліміздегі тарихы терең, түсті металлургияның ірі орталығы - Жезқазған қаласындамыз.