Елімізде шетелдік көліктер заңдастырыла бастайды | Заң бойынша
23-қаңтарда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады. Енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкес, заңдастырылатын көліктердің иелері утилизациялық алым төлемейді. Көлік иелері тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды. Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен тиісті қағидалар мен талаптарға сай жүргізіледі. Ал, заңдастыру үшін автокөлікті есептен шығару қажет. Есептен шығарғаннан кейін ғана тіркеуге қоюға болады.