Сатып алу рәсімдері оңтайландырылады
Енді тендер бойынша тапсырысты атқаратын компанияны бұрынғыдай арнайы комиссия емес, автоматтандырылған жүйе анықтайды. Ал өтінішті қарау мерзімі 2 айдан 1 айға дейін қысқарады. Тапсырыстың тиянақты орындалуы қоғамдық бақылауда болады. Жақында төменгі палата мақұлдаған заң жобасы Сенаттың қарауына жолданды. Заң жобасына сәйкес жергілікті тауар өндірушілерге басымдық беріліп, келісімді рәсімдеу мерзімі едәуір қысқартылмақ.