Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындары аяқталды

Төрткүл дүниенің дүбірлі додасы – Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындары аяқталды.

Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстанға бұйырғаны 83-ші орын. Шілденің 23-інен басталған сайыста АҚШ алда тұр. Ал Қытай 2-ші орынға тұрақтады. Жарысты өткізген Жапония үздік үштікті түйіндеді. Ал, Қазақстан құрамасы осы жолы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, жерлестеріміз 8 қола медаль еншіледі.

Абыроймен елге оралғандар қатарында дзюдошы Елдос Сметов, зілтеміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло бар. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исаділов пен Софья Берульцева қола жүлдеге ие болды. Дәл қазір осы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр.