Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды.

Президент ел астанасы Душанбеде алдағы 2 күн бойы маңызды жиындарға қатысады. Соның бірі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі сессиясы. Оның барысында Ауғанстанның қазіргі ахуалы талқыланады. Сонымен қатар өңірлік тұрақтылыққа қатысты өзекті мәселелер қаралады. Ал келесі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кеңейтілген отырысы өтеді. Мұнда Иран Ислам Республикасын мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.