Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді.