Шортандыда газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылында жарылыс болып, үш адам мерт болды, тағы 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 10-ын ауруханаға жеткізген. Жарылыстың болғанын жергілікті төтенше жағдайлар департаменті растады. Өкінішке қарай, жапа шеккендердің бесеуі – бала. 

Оқиға кеше кешкі 9 жарым кезінде болған. Бір қабатты 3 пәтерлі үйде газ жарылып, артынан өрт шыққан. От жалпы аумағы 350 шаршым метрді шарпып үлгерген. Оқиға орнынан 3 адамның, яғни, 1 әйел мен 2 баланың денесі табылды. Қазір оқиға орнына біздің түсірілім тобы аттанып кетті. Алдағы уақытта толығырақ баяндаймыз.