Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды.

«Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр» делінген жазбада.

Бұған дейін Елбасы Ресейге ресми сапармен барғанын хабарлағанбыз.