Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен кездеседі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайға барды.
Мемлекет басшысын көрші елдің Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды. Сапар екі күнге жоспарланған.
Әлем назары осы күндері Қытайда. Елдің астанасында тәртіп күшейген. Орталығында тек делегация жүре алады. Ресми Бейжің жүзден аса елдің басшысын қабылдап жатыр. Алғашқылардың бірі болып көрші мемлекеттің астанасына қазақ президенті келді.
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сосын Мемлекеттік кеңестің Премьері Ли Цянмен және бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізбек. Одан соң қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізеді. Бұдан бөлек, қазақ президенті Қытай астанасында өтетін "Бір белдеу, бір жол" бастамасының үшінші форумына қатысады. Енді осы жоба хақында. "Белдеу-жол" бастамасын Төраға Си 2013 жылы Астана қаласында жариялаған еді. Яғни мегажобаның түптамыры бізде жатыр. Биыл 10 жылдығы. 10 жылда сәтті жүзеге асты. Сөйтіп, әлемдегі ең ірі халықаралық ынтымақтастық платформасына айналды. Қытай тарапы жиһандағы 150 ден аса елмен және 32 халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жол» құрылысын бірлесіп құру құжатына қол қойған. Бұл әлем елдерінің үштен екі бөлігі немесе жаһан халқының 63 пайызы. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай «Бір белдеу, бір жол»,,, әлем бойынша 40 миллион адамға кедейліктен шығуға көмектеседі және жол бойында орналасқан елдерде 420 000 мың жұмыс орнын қамтамасыз етпек. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының белді де беделді мүшесі - Қазақстан. Географиялық тұрғыда өте ыңғайлы орналасқан біздің елде Қытаймен ортақ жобалар жүзеге асты. Соның бірі Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік жолы. Хош. "Бір белдеу, бір жол" жобасы негізінен теңіз және құрлық жолынан тұрады. Осы орайда сарапшы, Қытай кейінгі кезде құрлық жолына басымдық беріп жатқанын айтады.
Қазбек Майгельдинов, "Қытайды зерттеушілер қауымдастығы" ҚҚ төрағасы:
- Өйткені құрлық арқылы теңізге қарағанда мына Еуропа елдеріне тауар шығаруға өте жаңағы ыңғайлы болып отыр. Бұл тұрғыда алғтұрғыда алған кезде Қазақстан Қытай үшін бірінші басымдықта. Неге десеңіз, Қазақстан арқылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы жүзеге асып, мына көлік жолы, одан кейін мұнай құбыры, басқа да жұмыстар 10 жылда аяқталып отыр. Енді мұның аясында транспорттық каридорларды кеңейту, яғни құрлық арқылы барлық мемлекеттерді біріктіру мақсаты болып отыр.
Қорған Қонысбайұлы @KORGANTORE:
- Осы мақсатпен Бейжіңде жүзден аса елдің басшысы бас қоспақ. Әлемдік сауда жолдары өзгеріп жатқанда пысықтайтын мәселе аз емес. Ендеше мерейтойлық форумнан күтетін нәтиже көп.
Қорған Қонысбайұлы, Марат Диханбаев, Дулат Ентебеков