Тоқаев Бакуге барды
Беларусь елінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды.
Президент Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азия елдері экономикасына арналған арнайы бағдарламасының саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Арнайы бағдарлама 1998 жылы Орталық Азия мен Еуропа және Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын нығайту үшін әрі экономикалық әріптестікті тереңдету мақсатында әзірленді. Бүгінде оған Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан және Өзбекстан мүше.