Президенттің Әзербайжанға жұмыс сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Бакудегі Әзербайжан Президентінің Гянджлик резиденциясына келді.

Мұнда Мемлекет басшысы әріптесі Ильхам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізіп, онан соң Гейдар Әлиев орталығында өтетін Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасының саммитіне қатысады.