Қ. Тоқаев БАӘ Инвестициялар министрімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті.
Қос тарап бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ADQ компаниялары арасында қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады. Сондай-ақ екіжақты байланыстардың қазіргі динамикасын сақтауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды роль атқарады, деді Президент. Келелі кездесуде теміржол, жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері де сөз етілді.