Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің төрағасын қабылдады
Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы 2 жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асты.
Бұл туралы банк төрағасы Николай Подгузов Мемлекет басшысымен кездесуінде мәлімдеді. Ол Президентке банк жұмысының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарларын баяндады. Банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құраған. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп. Сондай-ақ банктің биыл Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлетін қаржы көлемі 3,5 миллиард доллардан асады. Инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымынан бастап бірқатар маңызды салаларға салмақ. Мемлекет басшысы биыл жазда Алматы қаласында Еуразиялық даму банкінің жылдық қорытынды жиналысын және іскерлік форумын ұйымдастыру мәселесін құптайтынын жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Банк қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін айтты.