Агроөнеркәсіп өндірісі 20%-ға өсті
Жыл басынан бері отандық ауыл шаруашылығы секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 13% - ға ұлғайды.
Бүгінде ол 8 триллион теңгеге жетті. Қазақстан бидай экспорты нарығын 40 елге дейін кеңейтті. Биыл шаруалар рекордтық көлемде дәнді дақылдардың өнімін жинады, жыл соңына дейін экспортқа шамамен 12 миллион тонна жөнелту жоспарлануда. Тиісінше, саланы субсидиялау көлемі де өсті.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өсімді негізінен дихадар қамтамасыз етті. Саладағы өндіріс 20% -ға артқан. Шаруалар бір гектардан орта есеппен 16 центнерден астық жинады. Жалпы өнім көлемі 26 миллион тоннадан асты. Салыстырып өтсек, былтырғы көрсеткіш гектарына небәрі 10 центнерден болған. Үш миллион тоннадан астам майлы дақылдар, үш миллион тоннаға жуық картоп жиналды. Мұндай көрсеткіштерді ұстап тұру және одан әрі арттыру үшін саланы әртараптандыру қажет, дейді сарапшылар. Атап айтқанда, тұқым өсіруден бастап дайын өнімді сөрелерге жеткізуге дейін аймақтық кластерлер құру, дақылдардың құрамы мен құрылымын жетілдіру, жаңа агротехнологияларды енгізу маңызды.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әр аймақ өзінің климаттық жағдайына және қандай дақыл өсіретініне байланысты кластерлер құруы керек. Егер Солтүстік аймақты алсақ, бұл бидай, яғни бидайды қайта өңдеу және оны одан әрі сату керек. Егер Павлодар облысын алсақ, онда негізінен картоп жақсы өседі, бұл картопты қайта өңдеу керек дегенді білдіреді. Қайта өңдеусіз біз ауыл шаруашылығын көтере алмаймыз деп ойлаймын.
Сүт, ет және жұмыртқа биыл ең көп шығарылған өнімдердің бірі. Жалпы елде бір жылда 3 триллион теңгеге азық-түлік өндірілді. Агроөнеркәсіптегі ең басты міндеттердің бірі импортты отандық өнімдермен алмастыру. Бұл бағытта қазірдің өзінде жетістіктер бар. Мәселен өңірлерде Солтүстік Қазақстан фермерлерінің сүт-тауар өндірістерін құру тәжірибесі қолданылып келеді.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Екі жылда 115 сүт-тауар фермасын енгізу жоспары бар. Мұндай өндіріс қуатына шығу сүт өнімдерінің импортын алмастыруға мүмкіндік береді. Қазір біз 500 мың тоннаға жуық сүт импорттаймыз, ал 115 ферма осы көлемдегі сүтті шығара алады. Осылайша халық та мал шаруашылығымен айналысатындар даөзгерісті сезінеді. Біз өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесімен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаумен қамтамасыз ету, құс етімен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатырмыз. Бағдарлама есебінен ірі құс фабрикаларының құрылысы қаржыландырылатын болады.
Биыл көктемгі-дала жұмыстарына жеңілдетілген несие беру көлемі 3 есе ұлғайтылып, рекордтық деңгейге жетті. Барлығы 580 млрд теңгеге. Келер жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарына 700 миллиард теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингін 200 миллиард теңгеге дейін бөлуді жоспарлап отыр.
Ермек Әбуов, Қазақстан фермерлер одағы басқарма төрағасының бірінші бірінші орынбасары:
- Орта буынды, кіші буынды фермерлардың қолжетімділігін арттыру керек. Қазіргі алып жатқан субсидияның ірі бөлшегі ірі шаруашылықтарға кетіп жатыр. Әрине қаражаттың көлемі ол жетпейді. Өйткені ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі артқан сайын қаражатты да көбейту керек. Бірақ ол қанша тартқанымен жетпегендіктен оны тиімді пайдалана білу керек. Біздің ойымызша 15 жыл алып жатқан шаруашылықтар бар. Осы субсидияны. Бүкіл санаттағы шауашылықтардың 5-7% аралығында ғана алып жатыр. Қалғандары субсидия ала алмайды. Субсидияның көлемін негізінен жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер санап қанша қаражат қарастыру керек екенін болжау керек. Өкінішке орай мына әкімдіктер санамайды. Қаражаттың көлемі жетпей жататыны да сондықтан.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесі парламентте де бірнеше рет көтерілді. Ал бейінді ведомство субсидиялау жүйесін пысықтау керектігімен келісіп, жүйе ең алдымен ашықтықты талап ететініне тоқталды.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Біз жеңілдетілген несиелеу жүйесіне біртіндеп көшіп жатырмыз. 2028 жылдан бастап тауарға тән субсидиялар жойылады. Әзірге көктемгі егіс жұмыстарына қатысты өзгешеліктер бар. Бұрын пайыздық мөлшерлемені субсидиялау болған, қазір оны ережелерден алып тастаймыз, белгілі бір өзгерістерді енгіземіз. Шаруалар тікелей 5%-бен алатын болады.
Саланың одан әрі дамуы ең алдымен, астық пен майлы дақылдарды, қызылшаны, ет пен сүтті өңдеу, қант өндіру есебінен болады дейді мамандар. Сондай-ақ алдағы уақытта астық пен ұн экспорты артады. Бүгінде 40-тан астам ел Қазақстан бидайын сатып алып отыр. Негізгі өткізу нарықтары Орта Азия елдері, Қытай, Ауғанстан, Иран.
Ғазиза Мұхамеджанова, Ботагөз Базарбаева