Былтыр елімізде 1,3 млн тонна қант қызылшасы жиналды

Қант қызылшасы – елде қант алуға арналған негізгі шикізат, оның өндірілу деңгейі елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін айта кеткен жөн.

Мәселен былтыр елде шамамен 1,3 млн тонна қант қызылшасы жиналды. Өнімнің ең көп үлесі Жамбыл облысына тиесілі – 646,6 мың тонна алынды. Одан кейін Жетісуда, 635 мың тонна жиналды. Ал Алматы облысының шаруалары 11 мың тоннаға жуық өнім алды. 

Жалып республика бойынша өткен жылы 25 мың гектар аумаққа қант қызылшасы егілген. Оның 6 мың гектары ауылшаруашылық кәсіпорындарына, қалған 19 мың гектары жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтарына тиесілі.