Шымкенттік ғалым металдан бір уақытта бірнеше өнім алатын әдісті тапты

Металлургия саласындағы ғылыми жаңалық паш етілді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы арнайы пештен бір сәтте бірнеше өнім түрін алуға болатынын дәлелдеп шықты. Яғни ферроқорытпадан кальций карбиді мен түсті металдар бөлетін қабілетке ие қондырғы ұсынды. Бұл ғылыми жаңалық ферроқорытпалардың түзілуін жеделдетуге және электр энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалық ойлап тапқан профессор Виктор Шевко аталған жұмысын еліміздегі минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдарымен бірлесіп жүзеге асырды. Техника ғылымдарының докторыны еңбегі еленіп, Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясының «Жаңалық авторы дипломы» және «Петр Капица атындағы Алтын медалі» табысталды.

Виктор Шевко, М.Әуезов атындағы оқу кафедрасының меңгерушісі:

- Бізге бұл осы реакцияларды одан әрі зерттеу барысында темір силицидтерінің пайда болуының, яғни бұрын белгісіз құбылыс болған затты кальций карбидімен бірге алу кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жаңалықты өнімдерді бірлесіп алу сәтінде бір мезгілде кезекті, параллель және ілеспелі реакциялардың жүруімен байланысты болған кезде байқадым. Әлі де ойымда бірнеше тың жобалар бар. Оны уақыты келгенде жария ететін боламын.