433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгіннен бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқиды

  • 257
  • UPD: 20:41, 01.03.2021
Бүгіннен бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқиды

Бүгіннен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

Қай пәндердің сыныпта, қай пәнді қашықтан оқытылатынын және оқу сағаттарының санын мектеп әкімшілгі өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дербес қабылдайды. Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан «Көркем еңбек» және «Музыка» сабақтарын қашықтан оқытуға ұсыныс жасаған. Мектептерде балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдай қамтамасыз етілуге тиіс. 6-8 және 10 сынып оқушыларын сабақтан тыс жеке оқытуға да рұқсат етілді. Бұл ата-ана мен мұғалімнің келісімі бойынша жүргізіледі. Талап бойынша топтағы оқушы саны 15-тен аспауға тиіс.

Хабар 24 телеарнасы